«Қаладан ауылға» бағдарламасы аясындағы басқарма басшысы Б.Ердембековтың Ақсуат ауданындағы жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар білім ошақтарына барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты

«Қаладан ауылға» бағдарламасы  аясындағы басқарма басшысы Б.Ердембековтың Ақсуат ауданындағы жұмыс сапары  барысында  өңірдегі бірқатар білім ошақтарына барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі Берік Уәлиұлының тікелей бастамасымен қолға алынған «Қаладан ауылға» бағдарламасы  аясындағы басқарма басшысы Б.Ердембековтың Ақсуат ауданындағы жұмыс сапары  барысында  өңірдегі бірқатар білім ошақтарына барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

 

Алдымен К. Нұрбаев атындағы мектепте болып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп ұжымымен бірге ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына қатысты. Бұл игі шара қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және жас ұрпаққа табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

 

Сапар барысында Қожагелді батыр атындағы орта мектепте салынып жатқан заманауи спорт кешенінің құрылыс барысын көрді. Аталған нысан Қожагелді батыр ұрпақтарының демеушілігімен жүзеге асырылуда. Бауыржан Амангелдіұлы жас ұрпақтың денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бұл бастаманың маңыздылығына ерекше тоқталып, демеушілердің туған жерге деген жанашырлығын жоғары бағалады.

 

Сонымен қатар, аталған мектепте де «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ағаш отырғызу жұмыстары жалғасын тауып, мектеп ауласын көгалдандыруға үлес қосылды.

 

Игі іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, жас ұрпаққа үлгі болатын маңызды қадамға айналды.