
Абай облысының кәсіптік білім беру саласында айтулы оқиға орын алды. «Өңірлік агро-техникалық және сервис кластер орталығы» жобасы аясында Ақсуат колледжі КММ базасында екі бірдей маңызды нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті.Аталған кластер орталығының ашылу салтанатына Абай облысы білім басқармасының басшысы Б.А. Ердембеков және Ақсуат ауданының әкімі Е.К.Ескендіров қатысты.
Бұл қадам аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге, студенттердің практикалық дағдыларын шыңдауға бағытталған. Салтанатты шара аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс орындары таныстырылды:
Бұл орталық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда студенттер автокөлік диагностикасы мен жөндеу жұмыстарын халықаралық стандарттарға сай меңгеруге мүмкіндік алады.
Бұл кабинет жастарды еңбекке баулу және кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында ашылды. Студенттер тек тігін өнерін үйреніп қана қоймай, дайын өнім шығарудың толық циклімен танысады.
Ашылу салтанатына жиналған қауым жаңа кабинеттердің техникалық мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Кластерлік жүйе негізінде жұмыс істейтін бұл орталықтар болашақта ауыл шаруашылығы мен сервис саласына білікті мамандар даярлаудың негізгі орнына айналмақ.Бүгінгі ашылып отырған жаңа оқу-өндірістік кабинеттер — бұл жастардың сапалы білім алып, нарықта бәсекеге қабілетті маман болуына жасалған үлкен мүмкіндік," - деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.Сонымен қатар колледжге әлеуметтік серіктестіктер демеушілік жасап жаңа форматтағы оқу тарих және география пәні кабинеті және кітапхана ашылды.Жаңа нысандар колледж студенттерінің теориялық білімін практикамен ұштастыруына, сол арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жол ашады.