
Қызылша – вирус текті, өте жұқпалы инфекциялық ауру. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлескенде ауа-тамшы жолы арқылы оңай таралады. Ауру ауыр асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін.
Қызылшаның ең жиі кездесетін асқынуларына пневмония, отит, бронхит, энцефалит, құрысулар, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің зақымдануы жатады.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді тәсілі – вакцинация.