
Абай облысының білім басқармасы Абай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қатысуымен өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік құқықтық актілерді, санитариялық қағидалар мен талаптарды сақтау мәселелеріне арналған облыстық семинар өткізді.
Семинар барысында келесі тақырыптар қаралды: мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты жекелеген мәселелер; ұйымдасқан ұжымдарда тағамнан уланудың алдын алу; білім беру және тәрбиелеу объектілеріне қатысты «ерекше бақылауды» жүзеге асыру; жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда профилактикалық екпелермен қамту мәселелері; 2025 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысындағы аса қауіпті инфекциялар (бруцеллез, туберкулез, құтыру) бойынша эпидемиологиялық ахуал; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға мектепке дейінгі мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және білім беру процесін ұйымдастыру сапасын жақсартуға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.