
2025 жылғы 9–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің 10–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.
Аталған білім бәйгесіне облысымыздан қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 25 оқушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін, терең білімдері мен зияткерлік қабілеттерін айқын көрсетті.
Жүлделі орын иегерлері:
🔹 Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні:
I орын – Сейтжағыпар Анар, Жарма ауданы, «Бақыршық орта мектебі» КММ, 10-сынып
🔹 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні:
II орын – Тұрарбек Алиназ, Ақсуат ауданы, «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ, 10-сынып
🔹 Қазақстан тарихы пәні:
II орын – Ильяс Айдана, Аягөз ауданы, «Е. Рахмадиев атындағы ЖОББМ» КММ, 10-сынып
🔹 Орыс тілі мен әдебиеті пәні:
II орын – Степаненко Ариана, Бородулиха ауданы, «В. Комаров атындағы орта мектебі» КММ, 10-сынып
II орын – Никитина Мария, Бородулиха ауданы, «Жезкент орта мектебі» КММ, 11-сынып
🔹 Ағылшын тілі пәні:
III орын – Мағзумбек Арнұр, Жарма ауданы, «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, 10-сынып
III орын – Раисова Шолпан, Жаңасемей ауданы, «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 10-сынып
🔹 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні:
III орын – Дюсембаева Айдана, Бородулиха ауданы, «Ә. Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ, 11-сынып
III орын – Биляш Айзере, Аягөз ауданы, «Е. Рахмадиев атындағы ЖОББМ» КММ, 10-сынып
🔹 Қазақстан тарихы пәні:
III орын – Долдашева Айғаным, Үржар ауданы, «Қ. Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ, 10-сынып
III орын – Оралбекқызы Асылжан, Ақсуат ауданы, «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ, 11-сынып
🔹 Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні:
III орын – Қаби Әділ, Бородулиха ауданы, «Жезкент орта мектебі» КММ, 11-сынып
🔹 Құқық негіздері пәні:
III орын – Жампиисова Алина, Бородулиха ауданы, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ, 10-сынып
III орын – Нурмухаметова Диляра, Үржар ауданы, «Қабдығали Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ, 11-сынып
Грамота иегері:
🔹 Ағылшын тілі пәні – Жұманбаев Айдар, Үржар ауданы, «Б. Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ, 11-сынып