
2025 жылғы 10–13 қараша аралығында Жапонияның Хиросима қаласында өткен WALS – Дүниежүзілік Lesson Study қауымдастығының конференциясына қатысу Абай облысының және мектебіміздің абыройын асқақтататын тарихи жауапкершілік орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Оспанова Нургуль Тулегеновна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанбекова Амангүл Керейханқызы және география пән мұғалімі Алдажарова Айгерім Маратқызына бұйырды.
Хиросима сахнасында WALS – Бүкіләлемдік Lesson Study қауымдастығының халықаралық конференциясының ашылу салтанаты ғылым мен тәжірибені ұштастырған, білім беру саласындағы заманауи зерттеулер мен озық тәжірибелерді бөлісу алаңы ретінде жоғары деңгейде өтті.
Конференция барысында әр елдің ғалымдары мен мұғалімдері, білім беру саласының сарапшылары Lesson Study-ді енгізу тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби даму жолдары талқыланып, WALS ұйымының жетекшілері, білім және ғылым министрлігінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық серіктестер құттықтау сөз сөйледі. Бұл шара білім саласындағы зерттеуге негізделген тәжірибені кеңейтіп, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау бағытында маңызды қадам болды.
Мұғалімдердің кәсіби дамуын зерттеу алаңында Басты спикерлері
Кэтрин Льюис –Дүниежүзілік WALS конференциясының президенті,
Стефан Клива /Лозанна педагогикалық университетінің профессоры, Lesson Study зертханасының негізін қалаушы
Тошия Чичибу- Жапонияның білім саясатын зерттеу ұлттық институтының аға зерттеушісі
Чансон Ким- Хиросима университетінң қауымдастығының профессоры.
Питер Дадли – Кембридж университетінің құрметті мүшесі.
Әріптесіміз, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог - шебер Оспанова Нургуль Тулегеновна Roundtable залында "Collaborative Practice Research as a Core of Professional Development for Educators" тақырыптағы Іс-әрекетті зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Әріптесіміздің тәжірибесімен танысқан шетелдік ғалымдар мен практик ұстаздар Lesson Study – Сабақты зерттеудің жаңаша қырларын қызу талқылады. Швеция мен АҚШ профессорлары бұл тәсілдің мұғалімдердің кәсіби дамуына үлкен ықпал ететініне назар аударса, Малайзия мен Тайланд өкілдері болашақта бірлескен халықаралық жаңа бағыттағы зерттеулерді бастауды ұсынды.
Халықаралық конференцияға қатысқан әріптестеріміз Хиросимадағы атом бомбасының қасіретін көзімен көрген, өмірін ядролық қаруға қарсы насихатқа арнаған Кэйко Огура ханымға Хиросима сахнасында терең құрметімізді білдірді. 1945 жылдың 6 тамызында небәрі 8 жаста болған Кэйко ханым сол сұмдықтың ауыр зардабын сезініп, адамзатқа бейбітшіліктің мәнін жеткізуді өмірлік мұратына айналдырды. Бұл кездесу – тарихтың ең қайғылы оқиғасының куәгеріне тағзым ету, әрі бейбітшілік жолындағы қажырлы еңбегіне алғыс білдіру сәті болды. Ұлы Абай Құнанбаевтың үш тілдегі қара сөздері мен даналық сөздер жиынтық кітабы және ерекше Құрмет тақтайшасы Хиросимадағы «Бейбітшілік» мемориал –музейімен табысталды.
Естелік тақтайшасының бетінде былай деп жазылған:
Бейбітшілік пен достық жолдауы
Семей, Қазақстаннан — бұрын ядролық сынақ аймағы болған, бүгінде бейбітшілікке, білім мен есте сақтауға арналған қала.
Бұл тақта Семей мен Хиросима арасындағы ортақ тарих пен үміттің белгісі ретінде ұсынылып отыр — бұл екі қала әлемге бейбітшіліктің мәңгілік құндылығы мен адам рухының мықтылығын еске салады.
Ол Қазақстан мен Жапония арасындағы достық көпіріне айналып, WALS – Бүкіләлемдік Lesson Study қауымдастығының миссиясына тағзым болсын: мұғалімдерді жақсы әрі бейбіт болашақ үшін біріктіру.
Қазақстан Республикасы, Абай облысының мұғалімдері:
Нургул Оспанова, Амангүл Сұлтанбекова, Айгерум Алдажарова
Хиросима, Жапония – 2025 ж.
Конференция аясында әріптестеріміз Жапонияның Хиросима қаласындағы Бейбітшілік мемориал музейіне саяхат жасап, атом бомбасы салдарынан зардап шеккен жандардың тағдырымен, тарихи деректермен танысты. Музей тарихы бейбітшілік пен адамзат құндылықтарының маңызын терең ұғынуға, жаһандық тарихтың ауыр сабақтарынан ой түюге мүмкіндік береді. Музейдегі экспозициялар атом ядросының зардабын, бейбіт өмірдің құндылығын сезінуге сеп болды. Мұндай тарихи орындарға саяхат – әр адамға адами тұрғыдан рухани дамуына жол ашады.
Оқушының мәтінді терең түсінуі – бұл тек ақпаратты қабылдау ғана емес, сонымен қатар мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар қоя білуі, ой қорытуы және өз пікірін талқылау арқылы жүзеге асады. Осы әдістерді анықтау мақсатында мектебіміздің Lesson Study фокус-тобының мұғалімдері Сұлтанбекова Амангүл Керейханқызы, Тундикбаева Гульназ Кенжагалиевна, Ильясова Гүлжан Кадырмолдиновна, Алдажарова Айгерим Маратовна "Forming Reading and Writing Skills of Elementary Students through Lesson Study" тақырыбындағы зерттеу жұмысын Британия, Нидерландия елдерінің зерттеушілері мен қазақстандық практик ұстаздардың алдында педагог-зерттеуші Амангүл Керейханқызы мен педагог-сарапшы Айгерім Маратовна қорғады. Амангүл Керейханқызы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын негізге алып, тәрбие жұмысын іс-әрекетті зерттеумен ұштастыруда оқушылардың оқу мен тұлғалық белсенділігін арттырудағы зерттеулермен бөлісті. Айгерім Маратовна зерттеу қорытындылары бойынша саралап оқыту тәсілдері, тұрақты бағалау және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін зерттеудің маңыздылығымен бөлісті.
Әріптестерімізді облыс атынан әлемдік деңгейде сабақты зерттеулерімен бөліскенімен құттықтай отырып, жаңа кәсіби биіктер мен шабытты жобалар тілейміз!