"Мақаншы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы тағайындалды

"Мақаншы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы тағайындалды

Ногаева Гульзипа Мақашқызы 1968 жылы 31 қаңтарда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Алматыдағы Қыздар мемлекеттік қыздар инситутының тарих факультетін бітіріп ,еңбек жолын Қаратал мектебінде тарих пәні мұғалімі болып бастаған.

2004 жылы Семей университетіннің “Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі “ факультетіне түсіп, тәмамдаған.

2001 жылдан Мақаншы орта мектебінде мұғалім, 2014 жылдан 2023 жылға дейін «Мақаншы орта мектеп-бақшасы» КММ директоры болып қызмет атқарды.

2023 жылы Мақаншы ауданындағы «С. Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» КММ директоры лауазымына ротациялау арқылы тағайындалды.

2024 жылғы 15 тамыздан «Мақаншы ауданының білім бөлімі» ММ басшысы міндетін уақытша атқарды.