Білім басқармасының басшысы туған мектебіне құнды кітаптар сыйлады

Білім басқармасының басшысы туған мектебіне құнды кітаптар сыйлады

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков Жарма ауданына жұмыс сапары барысында өзі білім алған «Абай атындағы мектеп-балабақша кешеніне» барып, мектеп кітапханасына бірқатар құнды кітаптарды табыс етті. Бұл – басшының туған мектебіне деген ыстық ықыласы мен шәкірттік алғысының айқын көрінісі.

Бауыржан Ердембеков кітапхана қорына “Ахмет Байтұрсынов шығармаларының академиялық толық жинағын”, өзінің “Абайтану” еңбегін, “Алпамыс батыр” эпосын, “Ежелгі дәуір әдебиеті” антологиясын, сондай-ақ “Қазақ балалар әдебиетінің тарихы” сияқты маңызды еңбектерді сыйға тартты.

Игі шара «Алтын ұя мектебіңе кітап сыйла» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Жаңа кітаптар мектеп кітапханасының қорын байытып, оқушылардың танымын кеңейтіп, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түспек.

Сонымен бірге аталған акция аясында барша өңір тұрғындары өздері білім алған мектептерге кітап сыйлау арқылы игі бастамаға үлес қоса алады.