Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков Водный кентіндегі №52 мектепте болды

Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков Водный кентіндегі №52 мектепте болды

🏫Жаңа оқу жылында ашылған 600 орындық мектепте қазір 504 оқушы білім алады. Оқыту мемлекеттік тілде, бір ауысымда жүргізіледі. 43 мұғалім қызмет етеді.

📌Басшы мектеп ғимаратының жағдайымен танысып, мердігер ұйым тарапынан кеткен кемшіліктерді жоюды, анықталған ақауларды дер кезінде түзетуді тапсырды. Сондай-ақ электр қуатының жетіспеушілігі мен тамақпен қамтамасыз етуге байланысты қауіптің алдын алу үшін тиісті шараларды жасауды міндеттеді.

✅Мектеп заманауи технологиялар, робототехника, графика және модельдеу кабинеттері, интерактивті панельдермен жабдықталған. Мұнда 24 негізгі пән кабинеті, 3 жаратылыстану пән кабинеті, аспаздық және тігін бөлмелері, металл өңдеу цехы бар. Екінші ауысымда оқушылар қосымша білім берумен қамтамасыз етіледі.

Спорт инфрақұрылымы да кең: үлкен және шағын спорт залдары, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, жүгіру жолағы, бастауыш сыныптарға арналған ойын алаңы мен алғашқы әскери дайындық алаңы қарастырылған.

Басшы мектеп миссиясын атап өтіп, оның басты мақсаты оқушыларға заманауи білім беріп қана қоймай, оларды жан-жақты дамытуға жағдай жасау екенін баса айтты.