Восход кентіндегі №34 мектептегі жағдай туралы

Восход кентіндегі №34 мектептегі жағдай туралы

Бүгін Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков Б. Момышұлы атындағы №34 мектепке барды. Мектеп директорына орын алған олқылықтарға байланысты ескерту жасалып, нақты тапсырмалар берілді.

Қазіргі таңда шатырдың бүлінген жерлерін уақытша жабу жұмыстары жүргізілді. Су аққан кабинеттердің төбелері тазартылып, кептіріліп жатыр. Оқушылар уақытша басқа кабинеттерге ауыстырылды.

Мектептің жағдайы білім басқармасы басшылығының тұрақты бақылауында.

Айта кетейік, №34 мектеп 2026 жылға реновация бағдарламасына енгізілген. Бұл ғимаратты толық жаңғыртуға мүмкіндік береді.