
Облыс әкімі Берік Уәли Көкпекті ауылындағы Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебіне барды.
Білім ордасы 1989 жылы салынған. Бүгінде мұнда 427 оқушы білім алады, 55 мұғалім қызмет етеді. Мектеп былтыр «Қазақстан халқына» қорының көмегімен «Ауылды жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен. 27 кабинет толық жаңартылып, заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған.
↗️Мектептегі 55 мұғалімнің 13-і – білім ордасының түлектері. Соның бірі – математика пәнінің мұғалімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрлан Құмарбекұлы. Бүгінде туған жеріне оралып, алған білімін жас ұрпақ тәрбиесіне арнап отыр.
💬Аймақ басшысы мектептің оқу бөлмелерін, кітапханасын, музейін, телестудияны аралап көріп, білім ордасында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.