Бородулиха ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымына Катаева Гүлнұр Мақсұтқызы тағайындалды

Бородулиха ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымына Катаева Гүлнұр Мақсұтқызы тағайындалды

Гүлнұр Катаева 1977 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2024 жылы Әлихан Бөкейхан университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын Семей қаласындағы №11 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған. 2025 жылға дейін түрлі қызметтер атқарды.

Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, Семей қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері, Бесқарағай ауданы Қарамырза жалпы білім беретін мектебінің директоры.

Тағайындалғанға дейін Семей қаласының білім бөлімі Мектепке дейінгі және орта білім беру секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл.