Восход кентіндегі №34 мектеп 2026 жылғы реновация бағдарламасына енгізілді

Восход кентіндегі №34 мектеп 2026 жылғы реновация бағдарламасына енгізілді

Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Илиясов Восход кентіндегі Бауыржан Момышұлы атындағы №34 мектептің шатыр жағдайымен танысты.

🏫Мектеп ғимараты 1981 жылы салынған, жобалық қуаттылығы – 624 орын. Мұнда 653 оқушы оқиды. Мектеп 2026 жылға реновация бағдарламасына енгізілген.

➡️Соңғы жылдары бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық база жаңартылды. 2023 жылы есік-терезелер мен аумақ қоршауы жөнделіп, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті жабдықталды. 2024 жылы 15 түрлі ағымдағы жөндеу жұмыстары (сыныптар, санитарлық тораптар, жылу жүйесі, электр қазандығы және т.б.) жүргізіліп, қосымша заманауи STEM кабинеті алынды.

📌Ғимараттың шатырына күрделі жөндеу қажет. 2024 жылғы қыркүйек айында жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, бюджетке өтінім берілді.

✅Үздіксіз жауын салдарынан үш кабинет, дәліз және спорт залының бір бөлігінде шатырдан су аққан. Қазіргі уақытта шатырды уақытша жабу жұмыстары жүргізіліп, оқушылар басқа сыныптарға ауыстырылды.