2 қазан - Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні

2 қазан - Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні

Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шiлдедегi № 232 бұйрығымен 2 қазан - Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жұмыскерлері күні деп белгіленіп, республикамыздағы кәсіби мерекелер тізбесіне енгізілді.

 Осыған байланысты, ағымдағы жылы елімізде бірінші рет аталып өтетін төл мерекемізді барлық өңірлерде ұйымдастыру мақсатында «2 қазан - Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесін 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілді.

Тұжырымдамаға сәйкес 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында облыста Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күніне арналған он күндік марафон өтуде 🎉

🎯Мақсат – ТжКББ жүйесінің беделін арттырып, жұмысшы мамандықтарының маңызын көрсету.

🤝 Педагогтер, студенттер, жұмыс берушілер мен қоғам өкілдері бірлесіп, шығармашылық, спорттық, әлеуметтік жобаларға қатысады.

📸 Әр іс-шара әлеуметтік желілерде #біздіңТжКБ #нашеТиПО хэштегтерімен жарияланатын болады.