Облыста «Үздік педагог» конкурсы басталды

Облыста «Үздік педагог» конкурсы басталды

Құрметті Абай облысының ұстаздар қауымы! 2025 жылғы «Үздік педагог» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды.

"Үздік педагог" атағын беру конкурсына білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын және Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

      І кезең – аудандық, қалалық деңгей (8 - 18 шілде аралығында құжаттарды жүктеу, 19 - 25 шілде аралығында өңірлік комиссияның шешімі);

      ІІ кезең – облыстық деңгей (28 шілде - 5 тамыз құжаттарды жүктеу, 6 - 15 тамыз аралығында өңірлік комиссияның шешімі);

      ІІІ кезең – республикалық деңгей (18 - 31 тамыз аралығында құжаттарды жүктеу, 2 қыркүйек - 12 қыркүйек аралығында Республикалық комиссия мүшелерінің Конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарауы, білім беру ұйымында күндізгі форматта конкурсқа қатысушы өткізетін сабақты/оқуды бағалауы).

 «Үздік педагог» конкурсына құжаттарды жүктеу https://uzdikustaznobd.edu.kz/#/sign-in сайты арқылы жүргізіледі.

 

"Үздік педагог" атағын беру қағидалары туралы толық ақпарат сілтемесі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V15H0010279#z136

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 «Үздік педагог» атағын беру қағидалары.