2025 жылғы 15–23 маусым аралығында Сеул қаласында өтіп жатқан «Кәсіби білім беруді трансформациялау: Оңтүстік Кореядағы жаңа буын басшыларының тәжірибесі» атты халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасының алғашқы күні халықаралық ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Құжатқа қол қойған тараптар:
* Оңтүстік Корея Республикасының шетелдік студенттерді қабылдайтын кәсіби білім беру университеттері мен колледждерінің қауымдастығы (елдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарын қамтиды);
* Абай облысы Білім басқармасының «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» КМК (Қазақстан Республикасы);
* «Global Sapa» халықаралық академиясы, үйлестіруші және кеңесші серіктес ретінде қатысты.
Меморандумға қол қою техникалық және кәсіптік білім беру және оқыту (TVET) саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін білдіреді. Құжат тәжірибе алмасуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және екі елдің өндірістік серіктестерімен интеграцияны нығайтуға бағытталған.
Меморандум аясында мынадай бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланған:
* білім беру үдерістерін цифрландыру;
* студенттер мен оқытушылар үшін академиялық алмасулар мен тағылымдамалар;
* заманауи оқу және зертханалық жабдықтарды енгізу;
* желілік білім беру бағдарламалары мен консорциумдарды дамыту.
«Global Sapa» халықаралық академиясы барлық бастамалардың үйлестіруін және әдістемелік сүйемелдеуін қамтамасыз етеді, оның ішінде сапарлар мен тағылымдамаларды ұйымдастыру, сондай-ақ бірлескен жобалардың сапасына мониторинг жүргізу де бар.
Бұл келісім білім беруді интернационалдандыру, жаңа буын мамандарын даярлау және Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.