Абай облысында білім беруді цифрландыру: BilimClass - 315 мектептің таңдауы

Абай облысында білім беру үдерісіне цифрлық шешімдер белсенді енгізілуде. BilimClass электронды журналы қазірдің өзінде 315 мектепте табысты жұмыс істеп, оқыту барысындағы ашықтық пен өзара байланысты жақсартудың негізгі құралына айналды. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама осы платформаның нақты әсерін бағалауға мүмкіндік берді.
Мұғалімдердің пікірі: Сенімділік пен қолдау
Сауалнамаға 3100-ден астам педагог қатысты. Олардың жауаптарыBilimClass платформасына жоғары баға берілгенін көрсетті:
81.7% мұғалім отандық платформаны қолдануды аса маңызды деп есептейді.
Жұмыс тұрақтылығы (82.3%), техникалық қолдау сапасы (81.6%) және интерфейстің ыңғайлылығы (81.1%) де жоғары бағаланған. Сауалнама нәтижесінде 83.2% мұғалім BilimClass-ты тиімді жұмыс құралы ретінде ұсынуға дайын екенін растады.
Ата-аналардың пікірі: Қолжетімділік пен жайлылық
9100-ден астам ата-ана өз тәжірибелерімен бөлісті:
85.5% отандық платформаны пайдаланудың артықшылығын атап өтті. Тұрақтылық (83.3%), тегін мобильді қосымша болуы (82.5%) және платформаны пайдалану ыңғайлылығы (82.2%) жоғары бағаланған.
72.2% ата-ана оқу үдерісі мен өзара әрекеттесудің жақсарғанын атап өтті, ал 83%-дан астамы платформаны пайдалануды ұсынуға дайын.
Цифрландыру үдерістерді жақсартады
Мұғалімдер де, ата-аналар да электронды журнал мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты жеңілдетіп, оқу үлгерімін бақылауды ашық етіп, қағазбастылықты азайтатын бірауыздан мойындады. Бұл BilimClass платформасын енгізу – заманауи әрі тиімді білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін көрсетеді.