«Ұлттық қор - балаларға»

«Ұлттық қор - балаларға»
  1. Баланың «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы болғанын қалай тексеруге болады?

       Тексеру үшін kids.enpf.kz сайтына кіріп, «Қатысушыны іздеу» бөліміне баланың ЖСН енгізу керек. Содан кейін «Тексеру» түймесін басыңыз. Осыдан кейін Сіз балаңыздың бағдарламаға қатысушы болған жылын көрсететін ақпаратты аласыз, сонымен қатар оның жинақталған мақсатты талаптарының жалпы сомасын білесіз. 

  1. Мақсатты талаптар мен мақсатты жинақтардың айырмашылығы неде?

     Мақсатты талаптар – бұл Қазақстан азаматтары, 18 жасына толмаған балаларға Үкіметтің міндеттемелері. Мақсатты талаптар Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы есебінен жыл сайын қалыптасады. Мақсатты талаптар ЕҚҚҚФ-та есептеліп, есептерде есепке алынады, бірақ активтердің өзі Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануды жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық табыс есептеледі.

      Мақсатты жинақтар – бұл бұрын жинақталған мақсатты талаптар сомалары, олар ақша түрінде Қазақстан азаматтары, алушылардың мақсатты жинақтық шоттарына олардың 18 жасына толған жылы түседі.

      Осылайша, 18 жасына толған кезде мақсатты талаптар мақсатты жинақтарға айналады. Олар бағдарламаның әрбір қатысушысына оның ЕҚҚҚФ-тағы мақсатты жинақтық шотында АҚШ долларымен есептеліп сақталады.

  1. Мақсатты жинақтар Ұлттық қордан ЕҚҚҚФ-қа аударылғаннан кейін оларға инвестициялық табыс есептелетін бе?

      ЕҚҚҚФ-тағы мақсатты жинақтық шоттарға түскен мақсатты жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды. Олар АҚШ долларымен сақталады және мақсатты жинақтар алушылары немесе олардың мұрагерлері үшін пайдалануға қолжетімді.

  1. Бір отбасындағы балалар бір-біріне өз мақсатты жинақтарын, мысалы, тұрғын үй мен емдеу үшін бір реттік зейнетақы төлемдерін беру мысалындағыдай, бере ала ма?

         Мақсатты жинақтарды төлеуді тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алуды төлеу мақсатында жақын туыстар пайдасына беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген.

  1. Менің баламның ЕҚҚҚФ-та шоты ашылды және оның мақсатты жинақтары аударылды. Оларды кім пайдалана алады?

         18 жасына толғаннан кейін балаңыз жинақтарды екі мақсатта – тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алуды төлеу үшін өз бетінше пайдалану құқығын алады. Ол үшін оған Өкілетті операторларға өтініш беру қажет.

Бүгінгі таңда Өкілетті операторлар:

«Отбасы банк» АҚ (тұрғын үй және білім бойынша),

«Халық банкі» АҚ (білім бойынша),

«Банк ЦентрКредит» АҚ (білім бойынша).

  1. Ата-аналарға жинақтарды тексеру мүмкіндігі берілген бе?

         Кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе заңды өкілдері баласына есептелгендерді kids.enpf.kz сайтында, eGov mobile мобильді қосымшасында және кейбір банктердің қосымшаларында қарай алады. Бала 18 жасына толған кезде, оған ЕҚҚҚФ-та мақсатты жинақтық шот ашылады, оған тек оның өзі, мақсатты жинақтар алушы ретінде, қол жеткізе алады.

  1. Балаға ЕҚҚҚФ-та шот ашылды және оның мақсатты жинақтары аударылды. Алайда, оның 18 жасына толуына бір ай қалғанда ол азаматтықты ауыстырды. Оның мақсатты жинақтарына не болады?

      18 жасына толғанға дейін немесе кейін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған кезде мақсатты талаптар қатысушысы немесе мақсатты жинақтар алушысы өз мақсатты жинақтарын алу құқығын жоғалтады. Бұл ретте оның мақсатты талаптары мен мақсатты жинақтары белгіленген тәртіппен басқа қатысушылар арасында бөлінеді, ал оның мақсатты жинақтық шоты жабылады.

  1. Мақсатты талаптар қатысушысының, мақсатты жинақтар алушысының өлімі жағдайында мұрагерге мұраланған мақсатты жинақтарды алу үшін қандай құжаттарды және оларды қай жерге тапсыру керек?

      «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қатысушысының өлімі жағдайында оның мақсатты талаптары немесе мақсатты жинақтары азаматтық заңнамаға сәйкес мұраландырылады. Оларды алу үшін мұрагерлер ЕҚҚҚФ-қа жүгінуі керек.    Қаражат тек қайтыс болған тұлғалардың мақсатты жинақтары мақсатты жинақтық шотқа түскеннен кейін қолжетімді болады. Төлемдерді алу үшін мұрагерлер банк-өкілетті операторда АҚШ долларымен банктік шот ашады.

      Мұрагерлер қаражатты кез келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды мақсатты пайдаланудың міндетті талабы жойылады.

      Мақсатты жинақтары бар тұлғаның өліміне байланысты төлемдерді ресімдеу үшін қажетті құжаттардың өзекті тізімі ЕҚҚҚФ сайтында орналастырылған.

  1. Мақсатты жинақтарды толық емес, бөліктермен пайдалануға бола ма?

      Мақсатты жинақтық шоттағы мақсатты жинақтарды бар мақсатты жинақтар шегінде, мақсатты пайдалануға сәйкес, шектеусіз рет пайдалануға болады, егер алушы 18 жасына толған және Қазақстан азаматы болса.

  1. Бала ҚР азаматы емес деген ақпарат шықса, не істеу керек?

       Егер көрсетілген ЖСН бойынша бала «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорының мәліметтері бойынша ҚР азаматы болмаса, онда ол «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушысы емес және мақсатты талаптары болуы мүмкін емес.

       «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтерді өзектендіру үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді ұсынамыз.

       Сәйкес түзетулер енгізілгеннен кейін ЕҚҚҚФ баланы өткізілген кезеңді ескере отырып, мақсатты талаптар қатысушылары немесе мақсатты жинақтар алушылары – балалар тізіміне қосады.

  1. Мақсатты жинақтар алушысына мақсатты жинақтарды жинақтау және кейінгі аудару қай валютада жүзеге асырылады?

      ҚР заңнамасына сәйкес, мақсатты талаптар мен мақсатты жинақтарды есепке алу ЕҚҚҚФ-та АҚШ долларымен жүргізіледі. Төлеу кезінде мақсатты жинақтар мақсатты жинақтар алушыларының банк-өкілетті операторларда ашатын банктік шоттарына АҚШ долларымен аударылып түседі.

  1. Ұлттық қордан төлемдерді алу үшін банктік шотты қай банктерде ашуға болады? Ұлттық қор-балалар жобасына қатысу кезінде банктерге қандай да бір критерийлер, талаптар бар ма?

      Заңнама екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеулер қоймайды, демек, бағдарламаға ЕҚҚҚФ-пен сәйкес келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады. Бүгінгі таңда банк-өкілетті операторлар болып табылады:

      «Отбасы банк» - тұрғын үй және білім бойынша,

      «Халық банкі» - білім бойынша,

      «Банк «ЦентрКредит» - білім бойынша.