Выплаты пенсионных накоплений по графику: когда и куда необходимо обращаться?

Выплаты пенсионных накоплений по графику: когда и куда необходимо обращаться?

ЕНПФ-тен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес зейнетақы жасына жеткен адамдарға (ерлер – 63 жаста, әйелдер – 61 жаста), сондай-ақ мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топ мүгедектігі бар, ЕНПФ-те зейнетақы жинақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте жүзеге асырылады.

            ЕНПФ-тен зейнетақы төлемдерін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жасына жетуіне байланысты тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен негізгі және ынтымақтастық зейнетақыны тағайындау үшін алушыларға тұрғылықты жері бойынша «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясына (АҮК) уақытында жүгіну қажет. Мұны зейнетақы жасына жетуден 10 күн бұрын жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берген күнінен бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте өтініш берген күн ретінде АҮК-те өтініш пен қажетті құжаттар тіркелген күн саналады, егер алушы зейнетақы жасына жеткен болса, егер ол бұрын өтініш берген болса – өтініш берген күн ретінде зейнетақы жасына жеткен күн саналады. Өткерілген кезең үшін мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ ЕНПФ-тен зейнетақы төлемдері тағайындалмайтынын есте сақтау қажет. 

           Сондай-ақ бюджеттен зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін уақытында жүгіну маңызды, себебі оларды тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет.

         Атап өткен жөн, ЕНПФ-те зейнетақы жинақтары бар және оларды төлету үшін өтініш бермеген, зейнетақы жасына жеткен адамдарға ЕНПФ-тен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында ЕНПФ осы азаматтардың жасы бойынша зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен негізгі зейнетақы төлемдері тағайындалғандығы туралы мемлекеттік корпорациямен бірлесіп жыл сайынғы салыстыруды жүргізеді.  Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдар анықталған жағдайда, ЕНПФ оларға Мемлекеттік корпорациямен жасасқан тиісті келісім шеңберінде проактивті қызметті (өтінішсіз) көрсетеді, оларға зейнетақы төлемдерін жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде АҮК-те алушылар ұсынған банк реквизиттері бойынша жүзеге асырады.

        

         Мерзімсіз бекітілген бірінші немесе екінші топ мүгедектігі белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу үшін ЕНПФ бөлімшелеріне немесе веб-сайттағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы немесе ЕНПФ мобильді қосымшасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып жүгіну қажет.

         Назар аударамыз, ЕНПФ-те мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топ мүгедектігі бар адамдар үшін көшіп жүретін қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, соның ішінде қызметтерді қашықтан, көшіп жүрмей-ақ алу мүмкіндігін тексеру жүзеге асырылады.

        

        ЕЕЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жалпы белгіленген зейнетақы жасына жетпестен – 50 жастан бастап ала бастауға болады. Сонымен қатар, ЕЕЖ есебінен зейнетақы төлемдері мүгедектігі бар адамдарға, топқа және белгіленген мүгедектік мерзіміне қарамастан беріледі.

         ЕЕЖ есебінен жасына немесе мүгедектігіне байланысты төлемдер алу туралы өтінішті enpf.kz веб-сайтындағы жеке кабинетте онлайн-форматта беруге болады. Бұл ретте төлемдер алу кестесін салым иесі өзі белгілейді.

         Атап өткен жөн, ЕНПФ-тен зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

         enpf.kz веб-сайтының «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері – Кесте бойынша төлемдер» бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне, оларды беру тәсіліне, оларды рәсімдеу талаптарына байланысты қажетті құжаттардың тізімі, өтініш нысандары мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.

        

         Сондай-ақ, салым иелеріне қатысты алаяқтықтың алдын алу және қауіпсіздік мақсатында «ЕНПФ» АҚ еске салады:

  • Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу делдалдарсыз және комиссияларсыз жүзеге асырылады;
  • ЕНПФ қызмет көрсету кезінде ақы алып қоймайды, ал барлық төлемдер қатаң заңға сәйкес жүзеге асырылады;
  • Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және ЕНПФ қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жеке деректерді, банк карталарының реквизиттерін, SMS-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты сұрамайды;
  • Егер сізге телефон арқылы хабарласушылар аты-жөніңізбен жүгініп, тұратын мекенжайыңызбен және жұмыс орныңызбен таныс болса, бұл олардың ресми тұлғалар екенін білдірмейді. Барлық қажетті деректерді әртүрлі тәсілдермен алуға болады.

    ЕНПФ ақпаратты ресми дереккөздерден алуды және

 тек құқықтық өрісте әрекет етуді қатаң ұсынады.

          Жақындарыңызды, әсіресе кәрі туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыз.

    Сақтық шараларын сақтаңыз, осылайша Сіз өз жеке деректеріңіздің сақталуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.