
Баскөл ауылдық округінде 1- маусым халықаралық балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті. Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің биші қыздары, Башкөл негізгі мектебінің оқушысы Шингожин И. Бесқарағай ауылында өткен аудандық "Мерейлі Бесқарағай -2025" гала концертінде өз өнерлерін көрсетті. Қарағайлы ауылының саябағында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай үлкен мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн балалар үшін ерекше қуаныш пен шаттыққа толы болды. Балалардың көңілін көтеру үшін сахна төріне сүйікті ертегі кейіпкерлері шығып, балалармен бірге би билеп, түрлі қызықты ойындар ойнады . Бұл сәттер балалардың есінде ұзақ сақталары анық.
Мереке соңында ауыл азаматтарының демеушілігімен балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратылды. Кішкентай бұлдіршіндер тамаша көңіл күймен үйлеріне тарқасты.