Қарабас ауылдық кітапханасында «Танымның бар тамашасы – кітапта» атты флэшбук өтті. Шара барысында оқырмандар сүйікті кітаптарын қолдарына алып, сол туындылар жайлы ойларымен бөлісті. Әр қатысушы өзінің жүрегіне жақын шығармасын таныстырып, кітап арқылы алған әсерлерін ортаға салды. Әрбір кітап – өмір, әрбір бет – сыр. Кітапханашы оқырмандарға кітап туралы сұрақтар қойып, шағын әдеби ойын өткізді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.