Қара-Мырза ауылдық кітапханасы ауылдық клубпен бірлесе отырып, "Шаңырақ шаттығы" атты әдеби кеш өткізді. Бұл шара 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналды.Кешке кітапхана оқырмандары шақырылды. Шара отбасының қоғамдағы рөлі туралы әңгімеден басталды. Қазіргі таңда елімізде отбасы мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Сондықтан 15 мамыр – Отбасы күнін атап өту дәстүрі арқылы адамдар өз өмірлерінде отбасы мен жақындарының маңызын тағы бір мәрте ой елегінен өткізе алады.Кеш барысында қатысушылар отбасы туралы өлеңдер оқып, балалар отбасына қатысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер айтып, сұхбатқа белсене қатысты. Іс-шара барысында «Ата-ананың үйі» әні шырқалып, «Отбасыға арналған гимн» атты бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, кітапханада «Отбасыдан басталған әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.