Мостик ауылдық кітапханасында ұлы данышпан, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай библиоглобус өтті.

Мостик ауылдық кітапханасында ұлы данышпан, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай библиоглобус өтті.

Мостик ауылдық кітапханасында ұлы данышпан, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай библиоглобус өтті. Шара барысында оқырмандар Әл-Фарабидің өмір жолы, ғылыми еңбектері мен философиялық көзқарастары жайында тың мәліметтермен танысты. Кітапханашы ойшылдың адамзат өркениетіне қосқан өлшеусіз үлесін, ғылым мен білімге деген көзқарасын кеңінен ашып көрсетті. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ғалымның еңбектері, ол туралы жазылған әдебиеттер мен зерттеулер ұсынылды. Шара барысында оқырмандар ғұламаның нақыл сөздерін оқып, ойтолғау жасап, пікір алмасты.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.