Қарабас ауылдық кітапханасында 9 Мамыр мерекесіне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұлы Жеңіс күніне арналған бұл көрмеде соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлық туралы сыр шертетін туындылар қойылды. Кітапхана оқырмандары Ұлы Отан соғысының қаһармандары жайлы тарихи деректермен, мемуарлармен, көркем шығармалармен танысты. Көрме барысында кітапханашылар оқырмандарға ұсынылған әдебиеттер туралы жан-жақты мағлұмат беріп, жеңіс тарихының маңыздылығы мен өскелең ұрпақ үшін оның тәрбиелік мәнін атап өтті.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.