Бозтал ауылдық кітапханасында «Ер – елінің қорғаны» тақырыбында фото көрме өтті. Көрмеде Қазақстанның батырлары мен Отан қорғаушылардың ерліктерін суреттер арқылы бейнелейтін фотосуреттер қойылды. Кітапханашы шара барысында әрбір фотосуреттің тарихы мен маңызы туралы әңгімелеп, ел қорғаған ерлердің батырлық жолы мен олардың еліміз үшін атқарған зор қызметін атап өтті. Көрмеге қатысушылар батырлардың өмірі мен олардың еліміздің тәуелсіздігін қорғаудағы рөлі жайлы жаңа ақпараттар алды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.