7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Қарабас ауылдық кітапханасында «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлықтың маңыздылығын түсіндірді, жастарды ел қорғауға деген құрмет пен жауапкершілік сезіміне тәрбиелеуге бағытталған ақпараттар берді.Іс-шарада батырлардың өмірі мен ерліктері жайлы бейнемазмұн көрсетіліп, қатысушыларға олардың атқарған қызметі туралы қызықты мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, өлеңдер оқылып, Отанға деген құрмет пен патриоттық сезімдерді қалыптастыру мақсатында пікірталас ұйымдастырылды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.