«Ұранды ердің – ұрпағы қайсар»

«Ұранды ердің – ұрпағы қайсар»

Қарағайлы ауылының кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты интеллектуалдық ойын-сайыс ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ тарих пен әскери сала бойынша білімдерін тереңдету.

Сайыс тартысты да қызықты өтті. Іс-шара сұрақ-жауап пен жарыс элементтерінен құралған бірнеше бөлімдерден тұрды:

«Кім білгір?» – бұл кезеңде қатысушылар әскери тарих, батырлар мен ұлы тұлғалар туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды. «Ең епті сапер» – бұл сайыста оқушылар жылдамдық пен дәлдікті қажет ететін тапсырмаларды орындады. «Үздік барлаушы» – логикалық есептер мен шифрланған тапсырмалар арқылы оқушылар нағыз барлаушы қабілеттерін көрсетті. Сайыс барысында оқушылар ұйымшылдық, тапқырлық пен білімділікті паш етті. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.