«Бейбітшілік пен келісім – Қазақстанның басты құндылығы

«Бейбітшілік пен келісім – Қазақстанның басты құндылығы

Бөдене ауылдық кітапханасында мектеп оқушыларының қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім – Қазақстанның басты құндылығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында кітапханашы Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретіндегі ерекшеліктеріне тоқталып, әртүрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, ұлттық бірлік пен татулықты нығайту жолындағы мемлекеттік саясат жайлы ақпарат берілді. Оқушылар дөңгелек үстел барысында өз ой-пікірлерін білдіріп, бейбітшілік пен келісімге қатысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің мағынасын талқылады. Олар бейбіт өмірдің адамзат үшін ең қымбат құндылық екендігін айтып, еліміздегі тұрақтылық пен ынтымақтың сақталуына әр азаматтың жауапты екенін түсінді.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.