Абай облысы Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Абай облысы Бесқарағай   ауданының аумақтық сайлау комиссиясының  ҚАУЛЫСЫ

 

 

Абай облысы

Бесқарағай   ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Бесқарағай  ауданының Беген ауылдық округінің әкімінің сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бесқарағай ауданының Беген ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын:
  • Беген ауылдық округінің әкімінің – Беген, Жандос, Беген-лесхоз ауылдарының шекарасындағы Беген сайлау округі;
  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Біздің Бесқарағай - Наш Бескарагай» аудандық газетінде және Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                         Б.Баталов                       

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                          А.Мукашева

 

 

 

 

    Бесқарағай ауылы,  

    30 сәуір  2025 жыл                       

    № 4