"Дәуір дауыстары"

"Дәуір дауыстары"

Глуховка ауылдық кітапханасының кітапханашысы қазақтың ұлы жазушысы Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай "Дәуір дауыстары" атты әдеби сағат өткізді. Әдеби шара Белокаменка ауылының тұрғындарының қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, жазушы, драматург әрі қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысты. Әдеби сағатта жазушының шығармаларынан үзінділер оқылып, оның қазақ тілінің көркемдік мүмкіндіктерін дамытуға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

 

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.