1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Долон ауылдық кітапханасында «Достық бейнесі – менің қиялымда» тақырыбында шығармашылық сағат өтті. Шара барысында балалар өз қиялындағы достық бейнесін түрлі-түсті суреттер мен көркем ой арқылы жеткізді. Сонымен қатар, жас қатысушылар жүректерінен шыққан өлең жолдары мен шағын эсселерін оқып, достық жайлы өз түсініктерімен бөлісті. Шығармашылық сағат аясында кітапханашы «Достық – мәңгілік құндылық» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, балаларға арнап шолу жасады. Онда Абай, Ыбырай, Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматов сынды ұлы тұлғалардың достық, татулық жайлы терең ойлары мен туындылары таныстырылды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.