Мостик ауылдық кітапханасында жасөспірімдерге арналған «Жасөспірім, жаман әдеттен аулақ бол!» атты ақпараттық сағат өтті. Шара барысында қазіргі таңда жасөспірімдер арасында кездесіп жататын зиянды әдеттер туралы айтылды. Атап айтқанда, денсаулыққа кері әсер ететін түрлі әрекеттер – темекіге, ішімдікке және басқа да зиянды заттарға тәуелді болудың адам ағзасына, ой-санасына қалай зиян тигізетіні түсіндірілді. Кітапханашы оқушыларға өмірде дұрыс таңдау жасаудың, өзіне сенімді болудың және жақсы ортада болудың қаншалықты маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, осы тақырыпқа арналған кітаптар таныстырылып, балаларға пайдалы кеңестер берілді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.