23 сәуір күні Башкөл ауылдық кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында кеңейтілген кітап көрмесі қойылып, оқырмандар назарына түрлі жанрдағы әдебиеттер ұсынылды. Қатысушылар үшін кітап оқудың маңызын насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, балалар кітап туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, өздері оқыған шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті. Жылы әрі шынайы атмосферада өткен бұл кеш кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтып, қатысушылардың көңілінен шықты.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.