Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында Лесной ауылдық кітапханасында «Кітап – достық амбассадоры» атты тақырыптық кітап көрмесі өтті. Көрмеге кітапхананың бай қорынан алынған, адамгершілік, ынтымақ, достық жайлы мазмұнды көркем және танымдық шығармалар қойылды. Әсіресе, жас оқырмандардың назарына ұсынылған балалар әдебиеттері үлкен қызығушылық тудырды.Кітапханашы көрме аясында оқушыларға шолу жасап, әр туындының мән-маңызын түсіндіріп берді. Оқырмандар шарадан рухани әсер алып, кітап оқуға деген ынтасы арта түсті.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.