«Кітап – достық амбассадоры»

«Кітап – достық амбассадоры»

   Дүниежүзілік кітап күніне орай Бозтал ауылдық кітапханасында «Кітап – достық амбассадоры» тақырыбында қайырымдылыққа кітаптар тарату акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы кітапхананың белсенді, үздік оқырмандарына арнайы кітаптар сыйға тарту етті. Бұл сыйлықтар – оқуға деген сүйіспеншілігі мен кітапхана өміріне белсене араласқаны үшін алғыс білдірудің белгісі ретінде ұсынылды.Мерекелік шара оқырмандардың көңілінен шығып, олар өз ризашылықтарын білдірді.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.