23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған мерекелік апта барысында Долон ауылдық кітапханасында «Кітап. Тарих. Шежіре» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында қазақ халқының шежіресі мен тарихын баяндайтын әдебиеттер, танымал жазушылар мен ғалымдардың еңбектері ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан тарихына қатысты танымдық басылымдар мен тұлғалық өмірбаяндар да көрмеден орын алды. Кітапханашы көрмеге библиографиялық шолу жасап, әрбір кітаптың мазмұны мен ерекшелігіне тоқталды. Шараға қатысқан оқырмандар мен оқушылар кітаптармен жақын танысып, ұлттық құндылықтар туралы өз ойларымен бөлісті.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.