
Жетіжар ауылдық кітапханасында Ұлттық кітап күні мерекесі қарсаңында «Сөз өнеріндегі өлкетану» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шара барысында өлке тақырыбындағы көркем әдеби шығармаларға талдау жасалып, жергілікті ақын-жазушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен перзенттік парызы көркем тілмен өрнектелген үзінділер арқылы оқырмандар назарына ұсынылды. Кітапхана оқырмандары туған өлке туралы өлеңдер оқып, поэзия мен прозадан үзінділерді әсерлі жеткізе білді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.