«Біліммен бақыт тапқан елміз!»

«Біліммен бақыт тапқан елміз!»

      1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Бозтал ауылдық кітапханасында «Біліммен бақыт тапқан елміз!» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әртүрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті туралы кітаптар қойылып, оқырмандар Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен достықты бейнелейтін әдебиеттермен танысты. Келушілер өз әсерлерімен бөлісіп, көпұлтты еліміздің рухани байлығына көз жеткізді.

    Көрменің ерекшелігі – түрлі ұлттардың ұлттық киімдерінің макеттері. Бұл сәндік композициялар Қазақстан халқының бай мәдени мұрасын паш етіп, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Шара аясында тақырыптық шолу мен әдеби әңгіме өткізіліп, «Бірлік – елдің берекесі» ұғымының терең мәні ашылды..

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.