
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Башкөл ауылдық кітапханасында «Ұлттың сәні – киімінде» атты киімдер дефилесі ұйымдастырылды. Шарада мен мектеп оқушылары ұлттық киімдерін киіп, өздерінің салт-дәстүрлерін паш етті. Ұлттық киімдер дефилесінде қатысушылар қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық мұрасын көрсетіп, әрбір киімнің мәні мен тарихы туралы қысқаша түсініктемелер берді.
Қатысушылардың әсем ұлттық киімдерінде ұлттық нақыштағы ою-өрнектер, киімдердің түрлері мен әрбір детальдің мағынасы көрініс тауып, көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды. Шара соңы көтеріңкі көңіл-күймен, ұлттық әндер мен билермен аяқталды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.