«Ұлттар достығы»

«Ұлттар достығы»

Қоянбай ауылдық кітапханасында мектеп оқушыларының қатысуымен «Ұлттар достығы» тақырыбында балалар сурет көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар әр түрлі ұлттардың мәдениеті мен тарихымен танысты, сондай-ақ әр елдің ұлттық киімдері туралы қысқаша баяндама тыңдады. Көрмеге қойылған суреттер арқылы балалар ұлттар арасындағы достықты бейнеледі. Жарыс түрінде өткен іс-шарада қатысушыларға сұрақтар қойылып, олардың білімі тексерілді. Белсенді қатысушылар өздерінің ойлау қабілеттерін көрсетіп, шараның мәнін тереңірек түсінді.

 

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.