
Бөдене ауылдық кітапханасында ұлы жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына орай «Қазақ әдебиетінің алыбы – Сәбит Мұқанов» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты.
Көрмеде Сәбит Мұқановтың шығармашылығына арналған түрлі басылымдар мен кітаптар, жазушының өмірі мен шығармалары туралы ғылыми зерттеулер ұсынылды. Кітап көрмесіне қатысушылар қазақ әдебиетінің майталман жазушысының өмірі мен шығармашылығына арналған маңызды мәліметтермен танысып, өз білімдерін толықтырды.