Бозтал ауылдық кітапханасында 18 наурыз ұлттық киім күніне байланысты «Қазақтың ұлттық киімдеріне шолу: Ерлер мен әйелдер киімі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мектеп оқушылары қатысты. Олар қазақ халқының ұлттық киімдерімен танысып, ерлер мен әйелдер киімдерінің тарихы, сәні мен қолөнер дәстүрлері туралы мағлұматтар алды. Оқушыларға ұлттық киімдердің әрқайсысының ерекшеліктері мен символикасы түсіндірілді. Сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі киімдеріндегі қолданылған маталар мен оларды жасау әдістері туралы баяндамалар оқылды. Көрме арқылы жастар арасында ұлттық киімдер мен олардың маңызы туралы білім мен түсінік кеңейтілді.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.