"Анашым — мақтанышым" фото көрме

"Анашым — мақтанышым" фото көрме

Лесной ауылдық кітапханасында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай "Анашым — мақтанышым" атты фото көрме ұйымдастырылды. Көрмеге түрлі буын өкілдерінің, әсіресе аналардың өмірінен алынған фотосуреттер қойылып, олардың отбасы алдындағы рөлі мен күнделікті өмірдегі жанқиярлық еңбегі бейнеленді. Бұл көрме әйелдердің мейірімділігі, ерлігі мен қоғамдағы орнына деген терең құрметті аңғартты.
Оқушылар көрмені қызығушылықпен тамашалап, ананың өз отбасына деген махаббаты мен еңбегінің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Мереке қарсаңында кітапханашы балаларға аналар мен әйелдер туралы шығармаларды оқып, олардың еңбегін бағалауға, әйелдерге құрмет көрсетудің мәнін терең ұғынуға шақырды.
Оқушылар өз аналарын, әпкелерін және құрбыларын құрметтеу туралы шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Әрбір бала жүрекжарды тілектерін арнап, өзінің мейірімін білдірді. Көрме барысында жасалған шығармашылық жұмыстар мен тілектер ерекше бір жылулық пен ерекше көңіл-күй сыйлады.