Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған мақала жазу сайысы өз мәресіне жетті. Байқау Ұлы Абайдың мұрасын дәріптеп, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталды. Қатысушылар қазақтың ойшыл ақынына арналған мазмұнды мақалаларын ұсынды.
🥇 I орын – Қасенова Әйгерім (Қарабас ауылдық округі)
🥈 II орын –Айнаш Шапенова (М-Владимеровка ауылдық округі)
🥉 III орын-Жанна Қазанбаева (Баскөл ауылдық округі) иеленді.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!Тұрғындардың білімге, шығармашылыққа деген құлшынысы қуантарлық. Осындай игі бастамалар жалғасын таба берсін!
#КреативтіҚалам #АбайМұрасы #ТілдердіОқытуОрталығы #Шығармашылық