Артық ғылым кітапта

Артық ғылым кітапта

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Артық ғылым кітапта» тақырыбында көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды, көрме Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде өтті. Кітапхана қызметкерлері Абайдың өмір жолы және шығармашылығына, кітапхана қорында бар ақын кітаптарына тоқталып өтті. Кітап көрмесіне «Абай шығармалары», «Абайтану», «Абай әлемі» сериясы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған еңбектері, Абайдың ақын шәкірттері, ұлы тұлғалармен шығармашылығының сабақтастығы туралы кітаптар қойылды. Көрме барысында оқушыларға Абай өмірінен, шығармашылығынан көп мәлімет берілді. Бірнеше оқушы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқыды. Балалалар Абай аталарының шығармаларын сүйсініп тыңдап, бойларына рухани азық бола алатындай көп мәлімет алды. Кітап көрмесі арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артты деп ойлаймыз.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.