"Аудандық сайлау комиссияларының мәслихат депутаттарын  сайлауды өткізу кезіндегі жұмыс ерекшеліктері"

"Аудандық сайлау комиссияларының мәслихат депутаттарын  сайлауды өткізу кезіндегі жұмыс ерекшеліктері"

2024 жылғы 19 наурызда "Аудандық сайлау комиссияларының мәслихат депутаттарын  сайлауды өткізу кезіндегі жұмыс ерекшеліктері" тақырыбында семинар өтті.

 Семинарға округтік  сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары қатысты .

 Кездесуге жиналғандар алдында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.  Баталов сөз сөйледі, ол сайлау туралы Заңның мәслихат депутаттары сайлауын өткізу кезіндегі округтік  сайлау комиссияларының жұмыс ерекшеліктеріне қатысты ережелерін түсіндірді.

Сайлау процесінің құқықтық негіздерімен және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасында сайлау науқандарын ұйымдастырудың негіздерімен аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары   А.  Қабиденова таныстырды.

Хаттамалар мен басқа құжаттарды ресімдеу бойынша аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы  А. Мұқашева сөз сөйледі.

Семинар соңында АСК мүшелері семинарға қатысушылардың   сұрақтарына жауап берді .