
Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі делінген.
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңында (бұдан әрі- Заң) заң көмегін алуға құқығы бар адамдардың санаттары көзделген.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету: заңдылық; мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін қажет ететін жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы; мемлекет кепілдік берген заң көмегінің тең қолжетімділігі мен сапасы; мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілетін мәселенің құпиялылығын қамтамасыз ету; мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалармен заңнама талаптарының сақталуын бақылау, тиімді мемлекеттік реттеу қағидаттарына негізделеді.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
Заңның 27-бабына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның:
1) өз құқықтары, міндеттері және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шарттары туралы ақпарат алуға;
2) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға тегін заң көмегін көрсету үшін өтініш жасауға;
3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен алуға немесе оны алудан бас тартуға;
4) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың әрекеттеріне не әрекетсіздігіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауға;
5) мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілген мәселенің құпиялығына құқығы бар.
Сондай ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі нормаларымен көрсетілген. (бұдан әрі - АПК) өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, АПК-нің 112-бабымен тегін заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалардың санаты қарастырылған.
Егер бұрын АПК-да 4 санат көзделсе, қазір тегін заң көмегін алуға құқығы бар адамдардың тізімі тағы 3 санатпен толықтырылды, олар:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер;
2) алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көп балалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер құқылы.
Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар.
Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін:
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекет кепілдік берген заң көмегін өзге тұлғалар өтеусіз көрсете алады
МКЗК көрсетуден бас тарту
Егер өтініш иесі жүгінімнің құқықтық сипаты болмаса, құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
Мынадай негіздердің бірі болған кезде:
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.