Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы штабы қызметкерлерінің қатысуымен әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша Абай облысында оқыту семинары ұйымдастырылды

2023 жылғы 15 наурызда әдістемелік көмек көрсету үшін Абай облысына жұмыс сапарымен келген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы штабының қызметкерлерінің іс сапары шеңберінде Абай облысы терроризмге қарсы комиссия аппаратымен қалалық және аудандық мемлекеттік – құқықтық бөлімдер басшылары мен терроризмге қарсы комиссиялардың қызметін қамтамасыз етуге жауапты мамандардың қатысуымен оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинар барысында терроризмге қарсы комиссиялардың қызметін жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық мәселелер, проблемалық аспектілер көтерілді, сондай-ақ одан әрі шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берілді.