
2026 жылғы 24 қыркүйекте аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізу, бюджет, экономика және аймақтық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияның есебі талқыланды.
Сонымен қатар, жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөп дайындау, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және халықты жылыту маусымына отынмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Әлеуметтік қолдау саласында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып, жауапты бөлім басшысының ақпараты тыңдалды.
Сондай-ақ мәслихат аппаратының қызметін реттейтін құжаттарға, ауданның басқару схемасына өзгерістер енгізу, сайлау комиссияларының құрамдарына қатысты мәселелер қаралды.
Бұдан бөлек, құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың және терроризмнің алдын алу жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның және бюджеттік комиссияның дербес құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.
Отырыста жауапты бөлім басшылары тиісті ақпарат беріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Қаралған мәселелер бойынша шешім жобалары талқыланып, тиісті ұсыныстар Бесқарағай аудандық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясының қарауына енгізу үшін жолданды.
Өзекті мәселелерді талқылау, ұсыныстарды қарастыру және ауданның одан әрі дамуына бағытталған шешімдерді қабылдау – депутаттық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі.