
17 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматта өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Б. Назаров, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы К.Б. Есимбекова, аудандық білім бөлімінің басшысы М.К. Кәдірбеков, аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.М. Мұқанов, Жетіжар ауылдық округінің әкімі М.М. Жайдарбеков, Малая Владимировка ауылдық округінің әкімі С.К. Асылханова, Ерназар ауылдық округінің бас маманы Н.Д. Рахимжанова қатысты.
Күн тәртібіне мемлекеттік мекемелердің, әлеуметтік-мәдени нысандардың, тұрғын үй қорының қысқы жылыту маусымына дайындығы туралы, балалардың құқықтарын қорғаншылық және қамқоршылық аясында қамтамасыз ету шаралары және олардың аудан деңгейінде жүзеге асырылуы, оқушыларды сапалы және қолжетімді тамақпен қамтамасыз ету, Жетіжар, Малая Владимировка және Ерназар ауылдық округтері әкімдерінің 2025 жылғы және 2026 жылдың 9 айындағы функционалдық міндеттерін орындауы туралы есептері енгізіліп, қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, тиісті ұсынымдар берілетін болады.